Дөңгелек үстел «Театр рингі»
Театрландырылған ойындардың мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу мен оқытудағы маңызын түсіне отырып, КМҚК «Балауса» бөбекжайында педгогикалық үдерісте кеңінен қолданылады. Алдымызға қойған міндеттеріміз шығармашылық белсенділікті дамытуға жағдай жасау; театр мәдениетімен таныстыру; оның біртұтас педагогикалық үдерістегі басқа қызмет түрлерімен байланысын қамтамасыз ету болды.
Театрландырылған ойындар балалардың сөйлеуін дамытудың маңызды факторы болып табылады. Драматизация ойынында әр бала өзінің эмоциясын, сезімін, көзқарасын тек өзара ғана емес, көрермен алдында да ұялмай өз өнерін көрсетеді.
Бөбекжайда «Театр рингі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Педагогтар пікір алмасып, театр атрибуттарын қолдана отырып, жаңа ертегілер құрастырды.